Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

СССР-дің ең соңғы азаматы

01.05.2022, 11:00 531

HALYQLINE.KZ

Кей адамдар өзінің еркінен тыс сирек кездесетін рекорд жасағанын білмей қалады. Осындай жағдайды ғарышкер Сергей Крикалев жасады. 1991 жылы мамыр айында ол корабль командирі Анатолий Арцебарский және британ азаматшасы Хелен Шарманмен «Мир» орбиталық станциясына ұшырылды. Бір аптадан кейін ағылшын ғарышкер-әйел Шарман жерге қайтып, А.Арцебарский екеуі қазан айына дейін ғылыми жұмыс істеп, ол да жерге қайтқаннан соң, Сергейдің бір өзі қалып, жұмысын істей берді.

Ал, осы кезде жерде СССР деген алып империяның  көз алдымызда ыдырау процесі жүріп жатты, ең сұмдығы ғарыштағы Сергейдің тағдыры ешкімді ойландырмады, келесі ғарыш кемесі қашан ұшатыны белгісіз болды. Одақ ыдырап, оның орнында тәуелсіз 15 мемлекет пайда болды, бұрын жоспарда болған ФРГ-нің борт инженерін қаржыландырған ғарыш кемесі ұшпағанда совет ғарышкерінің қашан жерге оралатыны белгісіз еді. Арада 10 ай өткесін совет ғарышкері тәуелсіз Қазақстанның жеріне қонды, осылайша ол соңғы совет азаматы болып тарихта қалды және сыйлық ретінде ғарышкерлерге берілетін «Волга» автокөлігімен бірге Совет Одағының батыры С.Крикалев №1 Ресей батыры атағына да ие болды. Сондай-ақ АҚШ-тың «Дискавери» аппаратымен ұшқан бірінші Ресей ғарышкері және алты рет ұшу сапарында ғарышта 803 күн болған екен. Ғарышта болған кезінде өзінің дүниеге келген Ленинград қаласының атауы да Санкт-Петербург деп өзгерген болатын.

Бақытжан  Абдуллаұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: