Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда негізгі тауар 20-25 процентке қымбаттады

06.04.2022, 17:05 604

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда инфляция өсіп жатыр. Негізгі тауарлардың бағасы апта сайын өсіп жатыр. Ірі сауда орталықтарының мәліметінше, соңғы бір айда тауар бағасы 35 процентке дейін өскен.

Жергілікті тауар өндірушілер болса, шетелдік тасымалдаушылармен бәсекелесу қиын деп шағымданады.

Қазақстан дүкендерінде барлық импорттық тауарлар қымбаттап жатыр.

«Бізде барлық тауар орта есеппен 20-25 процентке қымбаттады. Себебі, келетін тауарлардың 50 проценті – импорт. Біздің өндірушілердің өзі импортқа тәуелді», – дейді Алматыдағы ірі супермаркет желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Ресей қант экспортына тыйым салғандықтан, елде қант бағасы күрт өскен. Енді тасымалдаушылар Латын Америкадан тауар импорттауға мәжбүр. Сүт өнімдері де қымбаттап жатыр.

Қазақстандық өндірушілер болса шетелдік тасымалдаушылармен бәсеке тең емес дейді.

«Мемлекет қазіргі жағдайды бақылауға алып, отандық тауарға сұранысты арттыратындай жағдай қалыптастыру керек. Импортқа тәуелділікті төмендетуі тиіс», – дейді Қазақстанның май өнімдері одағының президенті Константин Невзоров.

Ресми мәлімет бойынша, наурыз айында инфляция 12 процентке жеткен, бір айда 3,7 процентке өскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: