Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 55 азамат қаруды тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзған

15.03.2022, 12:45 499

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ақпан айының 4-нен бастап республика көлемінде ерекше өкімге дейін «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара барысында барлығы – 5517 қару иесі тексеріліп, 130  құқықбұзушылық анықталды.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (қаруды заңсыз сақтау,алып жүру, тасымалдау) заңсыз айналымнан барлығы  35 дана қарулар тәркіленген. Осы кодекстің 484-бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 40 азаматқа, 486-бабымен (қарудытасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 55 азаматқа әкімшілік шаралар көрілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Одан бөлек, облыс тұрғындарының назарына заңсыз қару-жарақ, оқ дәрілермен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығын хабарлаймыз.

​​

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: