Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 26 науқас анықталды. Олармен байланыста болғандардың саны – 643. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 231, потенциальды байланыста болғандар 412 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда осы байланыста болғандардан 13 адам правизорлық стационарға, 218 адам карантинге оқушауланды», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен барлығы 20 адам келген. Оның алтауы – стационарға, 14-і үй карантиніне жатқызылған.
Сондай-ақ, өңірге қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен барлығы 168 адам келген. Оның 6-ауы стационарға оқшауланса, 158-і үй карантиніне алынған.
«Бүгінгі таңда облыста анықталған коронавирустық инфекцияның барлық ошақтары толық залалсыздандырылды. Қауіпті індет анықталған 26 науқастың жағдайы нашарлаусыз, қанағаттанарлық күйде», – деді басқарма басшысы брифингте.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!