Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онкологиялық аурулармен күрес қалай жүруде?

02.03.2022, 18:00 830

HALYQLINE.KZ Облыста онкологиялық ауруға шалдығу көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға төмендеген. Қазіргі таңда қатерлі дертке шалдыққан 4 721 науқас диспансерлік есепке алынды. Ал балалар арасында онкогематологиялық диагнозбен 446 бала анықталған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жөніндегі орынбасары Жалғасбек Үсенов хабарлады.

– Былтыр 1194 науқас диспансерлік есепке алынды. Соңғы бес жыл ішінде аурушаңдық көрсеткіші 1,8 пайызға өсті. Тұрғындар арасында өкпенің қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі және асқазанның қатерлі ісігі көбейіп барады. Онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында жыл сайын скринингтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесінде, 40 азаматшадан сүт безі, ал 19 әйелден жатыр мойны қатерлігі ісігі анықталды. Сондай-ақ, онкологиялық ауру жылдан-жылға жасарып, балалар арасында кең таралуда. Былтыр 42 баладан аты жаман аурудың белгілері анықталды. Осы себепті тұрғындарға қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында скринингтік тексеруден дер кезінде өтулеріңізді сұраймыз, – деді Жалғасбек Үсенов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: