Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіқалықовадан ел не күтеді?

02.04.2020, 10:52 956

ТОЛЫҚҚАНДЫ  СЕНІМ – ХАЛЫҚТА

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды. Гүлшара Әбдіқалықованың жаңа қызметіне табыстар тілеймін. Ел тарихында облыс әкім­дерінің ішінде тұңғыш әйел кісі. Гүлшара – өз еңбегімен үлкен лауазымда­рға дейін өскен, мәде­ниетті, қарапайым, еңбекқор тұлға. Соңғы алты айдай комитет төр­ағалары ретінд­е Парламентте қатар қызметтес  болдық. Облыс әкімі – аса қиын, жауапты қызмет. Қазіргі кезде облыс экономикасы өте күрделі, күрмеуі көп жағдайда тұр. Шағын және орта бизнес бойынша республикада ең төменгі көрсеткіш. Кедейшілік деңгейі­ де жоғары. Мұнай өндірісі 2012 жылмен салыстырғанда екі еседен­ аса түсіп кетті. Соңғы жеті жылда жыры бітпеген шыны зауытының құрылысы мүл­дем тоқтап қалды. Облыста мем­лекет­тік-жекеменшік әріптестік негізінд­е  салын­ған, салынып  жатқан құрылыс нысан­дарының құны тым  жоғары. Бюджетке  ауыр  салмақ салуда. Республика бойынша мектепте­гі бір оқушы орны – ары кеткенде 1,5 млн  теңге.  Жаңақор­ған  ауданында  салынып   жатқан  600  орындық  мектеп­тің құны – 2,6 млрд теңге. Яғни, бір оқушылық орын – 4 млн 200 мың теңге. Үш есеге жуық көп. Бюджет­тің миллиардтаған ақшасы ысырап болуда. Ауыл шаруа­шылығы саласында да қор­даланып қалған  шаруа­л­ар жеткі­лікті. Лауазымдық қыз­меттерге маман­дар  тағайындау мәселесінде де  көптеген  олқылықтар  бар. Білім­ді, іскер, жүрегінде иманы бар маман­дар сырт қалып, таныс-тамыр­мен қызметке келушілер  көп  екендігін  сайлаушылармен кез­дескенде үнемі айтылып отырады. Жаңа әкімге тағы да сәттілік тілей  отырып, айналаңызда  сөзі көп, ісі жоқтар емес, мемлекетшіл, ары мен жүрегі таза қызметкерлер көп  болсын  дегім  келеді. Халықтың то­лыққанды  сеніміне  ие  болуыңыз­ға  шын  тілектеспін!

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

ҚР  Парламенті

Сенатының депутаты

БІТПЕГЕН  ІСКЕ  БАСТАМАШЫЛ  БОЛСА…

Киелі Сыр топырағына басшылық етіп, оның үндестік заңына икемделу оңай шаруа емес. Қазақстанда облысқа әкім болып тағайындалған тұңғыш әйел екенін бәрі де айтып жатыр. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар, басқарушылық қызметтің қыр-сырын толық меңгерген, жұмыс істеу қабілеті зерек, кәсіби деңгейі жоғары маман екенін жақсы білеміз. Аймақтың бас оқу орнына да ректор болып әйелдің келгендігін білеміз. Жалпы, Алаштың анасы атанған өңірге аналардың келуі ақжол әкелсе деген тілегіміз бар. Тарихта есімі қаланған аналарымыз да аз емес. Солар секілді адал, әділ болса, басқаруға келген адамның руында, туған жерінде тұрған ештеңе де жоқ. Бастысы, аналық тазалығы болсын. Бар қазаққа үлгі-өнеге көрсететін, жалпы жұртқа абыройлы ететін, мейірімді алақаны мен таза ожданы кірлемесін! Бұған дейінгі әкімдердің де атқарған жұмысы қыруар. Аяқталмағаны бар. Сол біткен істі сынның астына қалдырмай, бітпеген іске бастамашыл болуын күтеміз.

Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры

ӨРКЕНДЕУ  БАҒЫТЫНА  БЕТ БҰРАМЫЗ  ДЕГЕН  ҮМІТ  БАР

Тәуелсіз Қазақ елінде облыс әкімі болып тағайындалған алғаш әйел ретінде тарихта қалары сөзсіз. Сырдың­ перзенті, өзі қыз бала болғандықтан Гүлшара Наушақызының  саяси  карьерасын жерлестері әрдайым­ назарда ұстап, тілектес болып келгенін де жасыра­  алмаймыз. Енді міне, туған жердің төріне қиын-қыстау сындарлы шақта нәзік иығына жауапкершілік  пен халықтың үміті сынды ауыр жүкті арқалап,­ зіл  батпан  міндетті  мойнына  артып, аймақ басшылығы  қызметін  қолға  алды.

Сөйтіп ел басына күн туған кезеңде өткел үстінде ат ауыстырып, оның тізгінін бүгін жария етілгендей, қазақтың өр қызы, ұлтына адал қызмет етіп, бабалар рухын кірлетпеген асыл қызымыз Гүлшара Әбдіқалықованың нәзік қолына ұстаттық. Тізгін ұстау ердің ісі десек те, сонау сақ қыздарының өжет мінезі, қайсарлығы ұлы далаға Тұмар ханымнан бастап, талай дана аналарымызды, талай батыр қыздарымызды дүниеге әкелді. Сол ұлы аналарымыздың ізімен келе жатқан қазақ қыздарының тумысы бөлек, бірегейі – осы Гүлшара қызымыз. Алаштың анасы атанған кіндік кескен­ туған жер – Сыр Ананың құшағына қош келдіңіз!

Халық қазір қауіпті өткелдің үстінде тұр. Оңға, солға жол қайда? Алға басқан қадамдардың да қаупі зор боп қалды. Қалтылдаған өткелден халықты да, экономиканы да аман-есен Алла деп алып шығуға күш те, қайрат та қажет. Білім мен  білігі,  саяси аренадағы тәжірибесі, саяси беделі мен қайраткерлігі елдің сенімін арттырып, халқының төзімімен, халқының артқан үмітімен, халқының қолдау­ымен осы қиындықты еңсереміз деп сенеміз.

Амандық болса, аймақтың, тұтас еліміздің жаңа даму жолына, жаңа дәуіріне аяқ басамыз, әрі қарай адымдап, өркендеу бағытына бет бұрамыз деп үмітімізді жаңа әкімге арттық, міне!

Айткүл  ШАЛҒЫНБАЕВА,

облыстық қоғамдық кеңес мүшесі,

тәуелсіз журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: