Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ел намысы» мониторингтік тобы құрылды

16.02.2022, 11:10 725

HALYQLINE.KZ Облыста «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобы өз жұмысын бастады. Бұл топтың басты мақсаты – еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Наталья Мишукова мен «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ләззат Бақтыбаева ұйымның негізгі жұмысына тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздегі маңызды тауарлардың бағасын қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырма берді. Осыған орай, біз белсенді азаматтармен бірлесе отырып «Ел намысы» атты арнайы мониторингтік топ құрдық. «Жаңа Қазақстан» құруда бұл ұйымның үлесі зор болады деп сенеміз. Топқа барлық азаматтар қатыса алады және қатысушылар санына шектеу болмайды. Сондықтан, жерлестерІмізді белсенді болуға шақырамыз, – деді Наталья Мишукова.

Мониторингтік топтың мүшесі Ләззат Бақтыбаеваның айтуынша, «Ел намысы» мониторингтік тобы – республика көлемінде ашылған ұйым.

– Негізгі бағытымыз – арнайы мониторинг жасау арқылы баға тұрақтылығын сақтау. Яғни, коммуналдық қызметтер, дәрі-дәрмектер және маңызды деп танылған азық-түлік бағаларын ұдайы назарымызда ұстайтын боламыз. Қазіргі таңда дәріханаларда дәрілердің бағасына мониторинг жасалды. Дәрі бағасын асыра өсіру бойынша фактілер анықталмады. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда дәрі-дәрмектердің бағасында біршама өзгерістер бар. Сондай-ақ, азық-түлік бағасы 40 пайызға дейін өскені байқалады. Алдағы уақытта мониторингтік топтың арнайы есебі Мемлекет басшысына жолданатын болады, – деді Л.Шайзадақызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: