Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Емші» кейпін киген алаяқ ұсталды

07.02.2022, 16:20 384

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды.​ Азаматшаның айтуынша,​ бейтаныс әйел оны көрген сәттен​ «сенде дуа бар, емдеп берейін» деп, сеніміне кіріп, оның​ қымбат​ алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша, «емші»​ ізін суытқан. ​

Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген​ Қарағанды​ облысының тұрғыны​ ұсталды.​ Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.​ ​

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: