Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмірге өкпелеме

03.02.2022, 9:00 789

Біз  мына  жағдайларда  күш-қуаттан  айырыламыз:

— «жоқ» деп жауап беретін жағдайда «иә» деп айтамыз;

— жанарға жас толып, жылағыңыз келген сәтте амалсыз жымиямыз;

— жақсы жерлерге барып демалуды жоспарламаймыз;

— өмірде өзімізді таба алмай жүреміз;

— өзімізге ұнамайтын жұмыстармен шұғылданамыз;

— адамдарға көп өкпе артамыз;

— ортақ ойымыз болмаса да, адамдармен қарым-қатынас жасай беруді тоқ­татпаймыз;

— жанымыздағылардың дені бас қоса қолса,  негативті әңгімелерді жиі айтады;

— қай жерде жүрсек те, елдің айта­тыны – сол бір саясаттың жүйесіздігі, қымбатшылық,  несие, т.б;

— өсек-аяңды көп айтып қоямыз;

— өзіңнің емес, өзгелердің қалтасын есептегенді, эмоцияға беріліп санағанды ұнатамыз;

— қызықсыз, әбден ығырыңды шығарған жұмыс орнында жұмыс істей береміз;

— бір ғажайып келіп, өмірімізді өзгер­тіп, аяқ астынан байып шыға келетіндей болып, әлденені күтіп жүреміз;

— өзімізді «қолымнан түк келмейді», «жолым  болмай  қалған  адаммын» деп  қажай  береміз.

Біз қайта аяқтан тұрып кете аламыз, егер:

— жаңа адамдармен таныстық орнатып, басқа  орта  тапсақ;

— білімімізді, зейінімізді ашсақ;

— саяхаттасақ;

— қорқыныштарымызды жеңе алсақ;

— жаңа істерді бастасақ;

— шығармашылықпен айналыссақ;

— өзімізді түсінетін, қолдау көрсететін адамдармен байланыссақ;

— жан мен тән үйлесімін арттыратын жаттығуларды жиі жасайтын болсақ;

— «иә»  дегіңіз келген жағдайда «иә» деп, «жоқ»  деп  айтатын кезде «жоқ» дей алатын  болсақ;

— жаның  қалайтын  жұмыс  істесек.

Таңдау  өз  еркіңізде!

Юлия  Мокринская

Аударған  Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: