Біз мына жағдайларда күш-қуаттан айырыламыз:
– «жоқ» деп жауап беретін жағдайда «иә» деп айтамыз;
– жанарға жас толып, жылағыңыз келген сәтте амалсыз жымиямыз;
– жақсы жерлерге барып демалуды жоспарламаймыз;
– өмірде өзімізді таба алмай жүреміз;
– өзімізге ұнамайтын жұмыстармен шұғылданамыз;
– адамдарға көп өкпе артамыз;
– ортақ ойымыз болмаса да, адамдармен қарым-қатынас жасай беруді тоқтатпаймыз;
– жанымыздағылардың дені бас қоса қолса, негативті әңгімелерді жиі айтады;
– қай жерде жүрсек те, елдің айтатыны – сол бір саясаттың жүйесіздігі, қымбатшылық, несие, т.б;
– өсек-аяңды көп айтып қоямыз;
– өзіңнің емес, өзгелердің қалтасын есептегенді, эмоцияға беріліп санағанды ұнатамыз;
– қызықсыз, әбден ығырыңды шығарған жұмыс орнында жұмыс істей береміз;
– бір ғажайып келіп, өмірімізді өзгертіп, аяқ астынан байып шыға келетіндей болып, әлденені күтіп жүреміз;
– өзімізді «қолымнан түк келмейді», «жолым болмай қалған адаммын» деп қажай береміз.
Біз қайта аяқтан тұрып кете аламыз, егер:
– жаңа адамдармен таныстық орнатып, басқа орта тапсақ;
– білімімізді, зейінімізді ашсақ;
– саяхаттасақ;
– қорқыныштарымызды жеңе алсақ;
– жаңа істерді бастасақ;
– шығармашылықпен айналыссақ;
– өзімізді түсінетін, қолдау көрсететін адамдармен байланыссақ;
– жан мен тән үйлесімін арттыратын жаттығуларды жиі жасайтын болсақ;
– «иә» дегіңіз келген жағдайда «иә» деп, «жоқ» деп айтатын кезде «жоқ» дей алатын болсақ;
– жаның қалайтын жұмыс істесек.
Таңдау өз еркіңізде!
Юлия Мокринская
Аударған Әйгерім НАЖМАДИНҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!