Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарлаң» көпірін қай мекеме салады?

24.01.2022, 11:15 249

HALYQLINE.KZ Біз бұған дейін «Қарлаң» көпірінің құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланғанын жазған болатынбыз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС танылып, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып жатыр. Алдағы уақытта «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС темір-бетон көпірінің құрылысын бастайды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті саз топырақтарды алатын орындар белгіленіп, тиісті заңнамаларға сәйкес құжаттандыру жұмыстары басталды.

Жақын күндері Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіндегі темір бетон көпірінің құрылысы басталады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: