HALYQLINE.KZ Сыр өңірінің «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты ЗК-169/5 мекемесінде «омикрон» нұсқасының айналымын ескере отырып, алдын алу шаралары қайта күшейтілді. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 02 қыркүйектегі №38 қаулысын негізге алып жұмыс атқаруда.
Мекемедегі әрбір қызметкердің маска тағып жүруі тексеріліп, дене қызуы өлшеніп, қалыпты деңгейде болғанда ғана кіргізіледі.
Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық шаралары күнделікті жүргізуде. Карантиндік режим қатаң сақталынып,ішкі және сыртқы аймақтар дезинфекциялануда. Жатақхана, асханада санитарлық жұмыстар күнделікті жүргізіліп тұр.Аймақтар тазартылып, бөлмелер желдетіліп, маска режимі қатаң сақталынылып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!