Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының жолдарын жабу туралы шешім қабылданды

31.03.2020, 17:07 535

Қызылордалық полицейлер аймақтағы бес блок-бекетінде және үш санитарлық бекетте жұмыс жасап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, төтенше жағдай режимі кезінде ұйымдастырушылық шаралар жүргізу мақсатында 31 наурызда жергілікті уақытпен сағат 00:00-ден Қызылорда облысының аумағына кіру және шығу жолдарын жабу туралы шешім қабылданды. Облыс аумағында санитарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында төмендегі бес блок-бекет қойылды: 1. “Қызылорда-Павлодар” тасжолының 12 шақырымында (Қызылордадан Жезқазғанға қарай); 2. “Батыс-Қытай-Батыс-Европа” халықаралық жолының 1802/464 шақырымында “Баймұрат” елді мекені жанында; 3. “Батыс Қытай-Батыс Европа” халықаралық жолының 1834/430 шақырымында “Жібек жолы” кешенінің жанында; 4. “Қызылорда-Жалағаш” тасжолының 19 шақырымында Қараөзек-Қызылорда қаласына кіреберісте; 5. Бейбарыс көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағы тұсында.

Қазіргі таңда облыс бойынша үш санитарлық бақылап-өткізу бекеттері жұмыс атқарып тұр. Олар – 1. ”Батыс Қытай-Батыс Европа” халықаралық жолының 1283/983 шақырымында (Аралдан Ақтөбеге қарай); 2. “Батыс Қытай-Батыс Европа” халықаралық жолының 2044/222 шақырымында (Жаңақорған ауданынан Түркістан облысына қарай); 3. “Жаңақорған-Түркістан” тасжолының Көктөбе ауылына бұрылысы.

Теміржол және автовокзалдардың жұмысы, ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстері тоқтатылды. Ерекше жағдай уақытында рұқсат тек азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын көліктерге ғана беріледі. Қаулы режимін бұзған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Блок-бекеттер толығымен жабдықталған, турникеттер орнатылып, тиісті жол белгілері қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, медицина қызметі, СЭС қызметкерлері мен әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Олардың барлығы көлікпен, қажетті арнайы қорғаныс құралдарымен, ыстық тамақпен, полицейлер планшеттермен қамтамасыз етілген.

Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс тұрғындарын төтенше жағдай кезінде барлық сақтық шараларын сақтауды және полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: