Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирден сөйлеген Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлім етті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да – алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», – деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері.
«Олар – 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі – 14 жасқа дейінгі балалар», – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 18 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
# Үйде болыңыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!