Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы өлеңді есуастар жазады десең таңданады

12.12.2021, 11:00 346

HALYQLINE.KZ «Егер өлең жазбасам мен ешқашан да қазақты танымас едім. Мен кейде өз бойымнан бақсының жыны секілді адуынды дүлей күшті көрем. Бұл қазақтың рух күші. Егер сендер мені қазаққа таныта алсаңдар, бас аяғы он жылдың ішінде мен сендерге жаңа Кенесары шығарып берем. Жоқ, бұл әзіл емес. Мен бұны тұла бойымды кернеп тұрған әлгі дүлей күштің қуатынан сезініп жүрем. Ұдайы сезем де жүрем, бірақ ешкімге айта алмаймын. Қазақтың ашуымен ойнамау керек.

«Жуастан жуан шығады». Біреулер бізді орысқа бейімсіңдер деп жүр. Сен одан қорықпа. Егер қазақ орыс болса, өзін орыс қылғандарды көрінде өкіртетін қылады. Сен не, әруақтармен ойнап жүрмісің? Мен қазақ поэзиясында қазіргі дәуірдегі нағыз қазақтың жанын бірінші ашқан ақынмын. Сол үшін мені ұнатпайтындар көп. Жек көреді. Қызғанады. Күндейді. Өйткені өздері бүйте алмайды. Бүйтуге қорқады. Олар менің поэзиядағы мәжнүн болып жүргенімді де ұнатпайды. Мәжнүндіктен есуастық туады дейді. Ұлы өлеңді есуастар жазады десең таңданады. Ел аман, жұрт тынышта рухқа еркіндік сұрап ереуілге кімдер шығатынын білесің бе? Жанынан безгендер шығады. Мен жанынан безген ақынмын»

Мұқағали Мақатаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: