Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есмаханов ескертеді

26.03.2020, 18:50 555

Иә, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов облыс орталығындағы кәсіпкерлерге ескертеді. (!) Төтенше жағдай режимі кезінде қойылған шектеулерді бұзған кәсіпкерлер жазасыз қалмайды. Бүгінге дейін белгіленген ережелерді бұзған 21 кәсіпкер жазаға тартылған. Оның ішінде 3-еуі қамауға алынса, қалған азаматтарға айыппұл салынбақ. Бұл жұмыстар 15 сәуірге дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, бөлім басшысы бизнес өкілдеріне президент Жарлығында көрсетілген нұсқауларды қатаң сақтауға шақырды.

– Ең басты мәселе – қауіпсіздік. Бұл шаралар күнделікті жалғасатын болады. Күндіз сауда үйлері мен базарларды араласақ, кешке қала аумағындағы кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақытын қадағалайтын боламыз. Осы ретте кәсіпкерлер үшін тағы да айта кетейін, мемлекет басшысының жарлығында белгіленген талаптарды орындауын сұраймыз, – деді Алмасбек Есмаханов.

Бүгінгі жүргізілген рейд барысында 3 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кететін жайт, кейбір нысандарда антисептик орнатылмаған.

Қазіргі таңда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, жергілікті құзырлы орган мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірге кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: