Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пойыз вагонының ресторанына жұмысқа орналастырып беремін»

16.11.2021, 15:50 600

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. 50 жастағы азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын көрсеткен. Осы жылдың маусым айының 18-і күні танысы «Пойыз вагоны ресторанының меңгерушісі лауазымына жұмысқа орналастырып беремін» – деп, уәде берген. Жәбірленушіден 670 мың теңге ақшасын алған. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 49 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: