Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыланды

15.11.2021, 14:25 320

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ағымдағы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының м.а. Ринат Құдайбергенов атқарылған жұмыстарды баяндады.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврованың айтуынша, 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс бюджеті түсімдер бойынша ағымдағы кезеңге арналған болжам 101,8%, оның ішінде меншікті кірістер 109,4% орындалып, облыс бюджетіне 5,4 млрд теңге артығымен түскен. Сондай-ақ, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 958 млрд теңгеге орындалған. Бұл көрсеткіш те межеден асып тұр.

2021 жылдың 10 айында облыс бюджеті шығыстар бойынша 98,4% орындалды. Оның ішінде үнемделген қаржы 731 млн теңгені құрады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының м.а. Ринат Құдайбергенов ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында облыс әкімінің іс-шаралар жоспарын орындау және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарды тізбектеді.

Атап айтқанда, 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 620,5 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3% артық. Өнеркәсіптің өңдеуші секторы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 218,8 млрд теңгені құрады.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында облыста жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5,8%-ға артып, 50 492 бірлікті құрады. 2021 жылдың 1 қарашасына 14 114 жаңа жұмыс орны құрылды.

Облыс дамуының қорытындысын саралаған аймақ басшысы облыстық басқармаларға жұмыс қарқынын күшейтіп, жыл соңына дейін бюджет қаржысын толық игеруін қамтамасыз етуді және жоспарланған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: