20 наурыз күні 15 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы 500 квартал, №8 участок, тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабар түсті. Дәл осы уақытта 1 дана газ баллоны жарылған. Оқиға орнына жақын жерде болған Қызылорда қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ғалым Хамза төтенше жағдай аумағынан 2 баланы аман алып шықты.
Шақырту түскен сәттен соң жедел жеткен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үй ауласында көлемі 15х5 м қураған шөп жанып, 4х5 м сарайы және ішінде 200 дана ДВП, тұрмыстық заттары, 19 дана бөренесі, Ваз 2106 маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы бөлігіне көшіп жанып жатқандығы анықталды. Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің біріккен іс-әрекеттерінің арқасында тілсіз жау ошағынан тағы бір дана сыйымдылығы 27 л газ баллоны шығарылды.
Өрт 15 сағат 50 минутте оқшауланып, 15 сағат 57 минутта толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себептері мен салдары анықталу үстінде.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!