HALYQLINE.KZ Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында өтіп жатқан «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасының 9 күнінде 2158 қару иесі тексеріліп, 58 құқықбұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан 24 дана қару, атап айтқанда Әкімшілік кодексінің 482-бабымен 23 дана тегіс ұңғылы қару алынса, Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес 1 дана қару тәркіленді.
Қазіргі таңда 1 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа) заңсыз иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Анықталаған 23 дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады.
Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!