HALYQLINE.KZ Биыл облыс бойынша республикалық бюджеттен 247 531 адамға зейнетақы мен арнаулы әлеуметтік жәрдемақы төленген. Бұл аталған жәрдемақыны тағайындауға қатысты 17 мемлекеттік қызмет түрі бойынша іс-макеттері бекітілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің бастығы Ертілеу Жалғасбаев әлеуметтік қызметтер мен заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстарды саралады.
«Биыл 2360 іс бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданып, 1203-і толықтыруға кері қайтарылған. Олардың басым бөлігі – зейнетақы төлемдері мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар. Сондай-ақ бізге 30 946 адам мүгедектігі бойынша тіркелген. Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 45,7 пайызға жуық азаматқа және әлеуметтік бөлігі бойынша 2,8 пайыз кәсіптік бөлігі бойынша оңалту шаралары әзірленді. Аталған кезеңде мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының техникалық қосымша құралдарымен қамтамасыз етуде 73,6 пайыз орындалды», – деді Ертілеу Шынтасұлы.
Департаменттің биылғы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған нысандарға тексеру шаралары жүргізілген.
«Профилактикалық бақылау жүргізілген нысандар мен мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы тексерілді. Нәтижесінде 124 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 22 ұйғарым берілді. Жоспардан тыс тексеру 10 субъекті бойынша жүргізіліп, 13 заңбұзушылық анықталды. Алдағы уақытта қалған 40 заңбұзушылық жойылмақ. Сонымен қатар департаментпен жеке және заңды тұлғалардың 847 өтініші қаралды. Қаралған өтініштердің көпшілігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша қамтылған. Облыста 2021-2025 жылдар аралығында 1294 бейімделетін нысандар белгіленген. Биылғы жылы бейімдеуге жататын 208 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына толық сәйкестендірілген. Қалған 50 нысан бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілуде», – деді сала басшысы Ертілеу Жалғасбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!