HALYQLINE.KZ Биыл қатарынан төртінші мәрте өткізіліп отырған «Қайырымдылық керуені» байқауының мақсаты – игілікті іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сайыс қорытындысымен Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттар анықталады.
Сонымен қатар, байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі мен «КТК» телеарнасы жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан кәсіпкер әйелдері ассоциациясы Қызылорда облысы филиалының директоры Манат Алмашева мәлімдеді.
«Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Ал, кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар байқауға қатыса алмайды. Лауреаттар жеті номинациялар бойынша анықталады. Атап айтатын болсақ: «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім». Байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады», – деді Манат Тамабайқызы.
«Қайырымдылық марафоны жалпы ұлттық жобасы» басталғалы бері 581 іс-шара ұйымдастырылған. Оған бас аяғы 31000 мың-нан аса адам қатысты. Сонымен қатар, «Республикалық мектепке жол акциясы» аясында 83 млн теңге демеушілер есебінен бөлініп, 3322 оқушыға көмек көрсетілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған арнайы шараларымыз өз кезегімен өткізілуде. Солардың бірі – Сыр елі көшбасшы әйелдерінің тәуелсіздікке қосқан үлестеріне байланысты «Тәуелсіздік нәзік келбеті». Аталған шара төңірегінде бірқатар жобалар атқарылуда, – деді «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Рахима Ахметова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!