Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейіп келеді

30.09.2021, 11:45 379

HALYQLINE.KZ Құрылыс саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған техникалық қадағалау сарапшыларына аттестаттарын тоқтатуға дейінгі қатаң жаза қолдану практикасы жүзеге асырылуда. Мәселен, мемлекет қаржысына салынып жатқан объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген 5 техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салумен бірге сарапшы аттестатының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов мәлімдеді.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 71 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылды. Анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 18 нұсқама берілді.

«Тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 91 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 21 млн 396 мың 196 теңге айыппұл салу жазасы қолданылды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың 18 млн 105 мың 820 теңгесі немесе 85,0%-ы бюджетке нақты өндіріліп, қалған 3 млн 290 мың 876 теңге өндірілу сатысында», – деді Сұлтан Ысқақұлы.

Сонымен қатар, көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет электронды қызмет жүйесі «Е-лицензирование» порталы арқылы да тұрғындарға 1448 қызмет көрсетілді. Оның 294-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 1154-і лицензиялауға қатысты болды. Бұған қоса, техникалық қадағалау сарапшылары «E-qurylys» бірыңғай платформасы арқылы ай сайынғы есебін тапсыруда. Бүгінгі күнге 3116 техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебі келіп түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: