Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға әкім болу неге қиын?

18.03.2020, 10:39 859

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкім болу туралы ойын айтты.

Жақында ғана мектептердің бірінде «Егер мен әкім болсам…» деген шығарма жазғызғаны туралы ақпаратқа көзім түсті. Әкім болуға болар, бірақ қайда, қай аймаққа деп ойланып қалдым. Міне, биліктегілер осындай шығарма жазғызса ғой, – деді ол. 

Саясаттанушы еліміздің бірқатар аймақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін жіпке тізгендей жазыпты. 

Нұр-Сұлтан және Алматы – бай аймақтар, мегаполис, бірақ бұл жерлерде басқармалар көп әрі халқы белсенді. ШҚО, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарында тәуелсіз басылымдар көп. Павлодар және Қарағанды облыстары шенеуніктерді тұтқындаудан көш бастап келеді. Түркістан, Жамбыл, Алматы, СҚО – ең шулы аймақтар. 

Десек те, Қызылорда, ШҚО, Маңғыстау облыстарына әкім болу қиын сияқты. 

Маңғыстау және Атырау облыстары – бай аймақтар санатында болғанымен еңбек конфликттері жиі көтеріледі және инвестор әкелу мәселесі жолға қойылмаған облыстар. 

Нәтижесінде әкім болуға ұмтылмауым тиіс аймақтардың бірі деп Маңғыстау облысын айтар едім. Бұл аймақты басқарғандардың ішінде жұмысын алып кете алғандарды саусақпен санаймыз. Қырымбек Көшербаев, Алик Айдарбаев өз жұмыстарын жоғары дәрежеде орындады. Ал қазіргі әкім Серік Тұрымовтың басшы болғанына 9 ай өтті. Аймақ тыныш, жағдай қалыпты. Бұл азаматты да қатарға қосатын сияқтымыз. Ал өзім шығармада да бұл аймаққа әкім болғым келмейді, – депті саясаттанушы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: