Қазақстанда өткен аптада 3393 қылмыс жасалған, оның 2 мыңнан астамы ізі суымай ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.
– Полиция қызметкерлері ізін суытпай 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 37 тонау және 517 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді Нұрділдә Ораз ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингте.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!