Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жүргізуші мас күйінде ұсталды (Видео)

27.08.2021, 10:30 504

HALYQLINE.KZ Қызылордада мас жүргізуші жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында Қорқыт ата көшесі бойында ​Mercedes Benz автокөлігін тоқтатқан полиция қызметкерлері мас жүргізушіге тап болды.

Құжаттарын тексеру барысында 49 жастағы қала тұрғынынан психикалық белсенді зат пайдалану және алкогольді спирт ішімдігінің иісі шығып тұрғанын байқаған. Облыстық наркология орталығында медициналық куәландырудан өткізу барысында жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.​ Қызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: