Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрметті теміржолшыға көше аты берілді

17.03.2020, 10:07 719

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен «Құрметті теміржолшы» Серікбай Сұлтамұратовқа көше аты берілді.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында өмірге келген Серікбай Сұлтамұратов Қазалы ауданының теміржол саласының дамуына өзінің лайықты үлесін қосты.

Ақтөбе теміржол техникумын үздік бітірген соң алғаш еңбек жолын 1968 жылы Қазалы жол дистанциясында жол монтеры болып бастады. Мұнан соң 1969-1974 жылдары Сексеуіл тораптық комсомол комитетінің хатшысы, 1974-1978 жылдары Қазалы жол дистанциясында жол бригадирі, жол шебері, учаске бастығы, 1978-1981 жылдары Қазалы жол дистанциясының бас инженері қызметтерін атқарды. Ал, 1981 жылдан 2006 жылы зейнеткерлік демалысқа шығамын дегенше ширек ғасырға жуық уақыт Қазалы жол дистанциясы мекемесін басқарды.

Серікбай Сармағанбетұлы Қазалы жол машина станциясын басқарған жылдары мекеме Бүкілодақтық Социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, Батыс Қазақстан теміржолының ауыспалы Қызыл туын бірнеше рет иеленді. Осы саладағы қажырлы еңбегі ескеріліп, 2002 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

Көшенің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, «Құрметті теміржолшының» есімі елдің есінде мәңгі қалатынын жеткізді.

Қазалы ауданының құрметті азаматы, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов ақ батасын бергеннен кейін көшенің салтанатты түрде лентасы қиылды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: