Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қ.Ысқақов: «Облыс халқының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – басты назарда»

17.03.2020, 10:05 542

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде коронавирус инфекциясы бойынша дайындық және профилактика шаралары туралы айтылды.

            Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылдың 16 наурызы сағат 8:00-ден бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді.

Аталған мәселеге байланысты дайындық шаралары мен профилактикалық шаралар бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары хабарлама жасады.

            Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдікаимовакоронавирус инфекциясының алдын алу шаралары мен профилактиклық жұмыстарға тоқталды. 

«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы №12-ПГВр қаулысына сәйкес COVID-19 жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жүктемеге байланысты осы елдерден ҚР-на, соның ішінде облысымызға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Ағымды жылдың 24 ақпанынан бастап аталған санаттар бойынша облысымызға келген 55 азамат 14 күнге оқшалаумен карантинге орналастырылды (барлығы да 1 «а» санаты бойынша). Бүгінгі күні 41 азамат оқшалау карантинінен шығарылды, қалған 15 азаматқа бақылау жалғасуда»,- деді Ә.Әбдікаимова.

COVID-19 ауруларын және COVID-19 ауруларына күдікті науқастарды оқшаулау үшін провизорлық және карантиндік стационарлар, арнайы коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша дәрі-дәрмек қоры туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндама жасады.

«Коронавирус ауруы тіркелу жағдайындағы іс-әрекет бағытында медицина қызметкерлерімен жедел әрекет ету қағидалары, профилактика, дезинфекциялау режимін сақтау, жеке қорғаныш құралдарын қолдану шаралары бойынша оқу жаттығу, семинар сабақтары өткізілді. Жаттығудан кейін, медицина қызметкерлерімен анықталған кемшіліктер талқыланып, коронавирус туралы мәліметтер қайтадан пысықталды. Аурудың алдын алу барысында емдеу сауықтыру мекемелеріндегі қажетті қорғаныш құралдарының, дезинфекциялау заттарының, дәрілік препараттардың6 т.б. қоры туралы мәліметтер жиналып мониторинг жүргізілуде»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

                 Жиында  аймақ басшысы қала және аудан әкімдіктері,облыстық кәсіпкерлік және туризм, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, Қызылорда облысының полиция департаменті және «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасыменбірлесіпағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап көпшілік іс-шараларға тыйым салып, адамдар көп шоғырланатын объектілеріндесанитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажеттігін тапсырды.

«Ірі сауда объектілерінің жұмысы санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтумен сағат 10:00 мен 18:00 аралығында, ал тауарлар базарларының жұмысы санитарлық қауіпсіздікті күшейтумен және залалсыздандырумен сағат 11:00 мен 17:00 аралығында шектелсін. Сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, санитариялық-дезинфекциялық режимдер күшейтілсін. Бізге ең бірінші халықтың тынышытығы маңызды. Алгоритм бар. Мемлекет басшысы тапсырма берді, Үкімет тарапынан тиісті тапсырмалар келіп отыр. Енді біз әр сала осы берілген тапсырманы өз дәрежесінде орындауымыз қажет. Сенбі күні қаланың үлкен және әлеуметтік дүкендерін аралап көрдім, азық-түлік қоры жеткілікті. Тұрғындар тұтынатын 19-дан аса өнімнің барлық түрі жеткілікті»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: