Алматы облысында мониторингтік топ мүшелері ұсталды. Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, «COVID-19» коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде.
Агенттік, жоғарыда аталған пара сомасын берген 5 мейрамхана әкімшісі де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалған және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. ТАҒЫ ДА
Тергеу жалғасып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайтынын жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың біріндегі әкім орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
Шенеунік кәсіпкерден 1,8 млн теңге сомасында, яғни айтарлықтай ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.
Дереккөз: nur.kz
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!