HALYQLINE.KZ Кеше аудан әкімдігінде салық салу базасын ұлғайту жөніндегі мәжіліс өтті. Мәжіліске дербес бөлім басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорын басшылары мен жұмысшы топ жетекшілері қатысты.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев салық салу базасын ұлғайту үшін аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы мен 3 жедел жұмысшы топтары құрылып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілгендігін жеткізді.
– Салық салу базасын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, бюджетке қаржы түсіруіміз қажет. Сондықтан жұмысшы топ пен 3 жедел жұмысшы тобы Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, жұмыстарды жүйелі атқаруы тиіс. Бүгінгі мәжілісімізде атқарған жұмысымыздың нәтижесі мен алдағы міндеттерімізді пысықтап алғанымыз жөн деп есептеймін, – деді аудан басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев хабарлама жасап, салық базасын ұлғайтуға байланысты жедел жұмысшы топтардың 2021 жылдың І жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы айтып берді.
Мұнан соң Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров жергілікті салық жоспарының орындалуы туралы баяндап, кейбір азаматтардың 2019 жылдан бері көлік салығын төлемей жүргендігін айтты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев 2019 жылдан жинақталған көлік салығын тұрғындар өздігінен төлемейтін болса, сот арқылы өндіру мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, 2020 жылға көлік салығына берешегі көп Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдеріне жүйелі жұмыс істеуге шақырды.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев дербес бөлімдер мен Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдеріне 2021 жылға жоспарланған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. Өсім көрсеткішін төмендетпеу де міндеттелді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет бойынша салықтан қордаланған берешекті азайту да негізгі мақсат екендігін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!