Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азаматтар екпе салдырды

14.07.2021, 10:15 566

HALYQLINE.KZ Қазалы аудандық жастар ресустық орталығының мамандары аудандық пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, вакцинаның маңыздылығы мен вакцинаны егу әдістері және вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде, бүгін өз еркімен өтініш білдірген бірнеше пробация есебіндегі сотталғандар аудандық емханаға барып, «Hayat-Vax » вакцинасын алды.

«Қазіргі таңда әлемді жайлаған індет күннен-күнге көбейіп жатыр, оны біз теледидардан да, газет-журналдардан да оқып, естіп жатырмыз. Өзімнің, отбасымның амандығы үшін вакцина салдырдым. Ешкім мені міндеттеген емес. Бұл дертті таратпаудың жолы вакцина алу болса, оны алу керек деп есептеймін. Хал-жағдайым жақсы. Енді екінші вакцинаны 21 күннен кейін салдыртамын, – деді есептегі сотталған азамат.

«Пробация есебіндегі азаматтар да өз еріктерімен вакцина салдыртып жатыр. Індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Бұл адамдардың арасында коронавирус инфекциясының әрі қарай таралып кетпеуіне септігін тигізеді. Мен де “Спутник V” вакцинасын алдым. Өйткені біз халықпен жұмыс жасайтын болғандықтан алуға тиіспіз», – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Сражатов

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: