Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдері көп әкімдік

12.03.2020, 18:29 900

Қызылорда облысындағы 3540 мемлекеттік қызметшінің 1623-ін әйелдер (45,8 пайыз) құрап отыр. Кейбір мемлекеттік органдарда «Алтын алқа» иегерлері де жұмыс істейтін көрінеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев айтты.

– Мемлекеттік қызметте басшы лауазымында 366 әйел еңбек етеді. Әйелдердің қатарында 5 департамент басшысы, 1 қала әкімінің орынбасары, 11 департамент, инспекция басшыларының орынбасары, 78 басқарма және мәслихат аппаратының басшысы, олардың орынбасары, 267 бөлім басшысы мен орынбасары, сектор басшысы, 4 ауылдық округ әкімі ретінде қызмет етіп келеді, – деді Нұрман Бақбергенұлы.

Бұдан бөлек, ол әйел мемлекеттік қызметшілер ең көп жұмыс істейтін атқарушы органды атады. Ең бірінші орында Қызылорда қаласының әкімдігі тұр. Штат санының 47,3 пайызын әйелдер құраса, Шиелі ауданы әкімдігінде – 38 пайыз, Қармақшы ауданы әкімдігінде – 37,8 пайыз, Қазалы ауданы әкімдігінде – 23,3 пайыз, Арал ауданы әкімдігінде – 24,6 пайыз, Жаңақорған ауданы әкімдігінде 25 пайыз бұрымды мемлекеттік қызметші қатарында екен.

Мемлекеттік қызметте «Батыр аналар» да жұмыс істейді. Мәселен, Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Айгүл Қозыбақова 8 бала, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінің бас маманы Ақмарал Мыханова 7 бала тәрбиелеп, «Алтын алқа» иегері атанған.

Пікірлер:
  • Керемет! Мен білмеппін. Жалпы, әйелдер не жұмысқа да жауапкершілікпен қарайды, шыдамды, төзімді келеді. Осындай тың мәліметтермен таныстыра беріңдер

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: