Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үздік әдеп жөніндегі уәкіл анықталды

01.06.2021, 11:15 420

HALYQLINE.KZ Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрмұхамет Бохаев «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Ағымдағы жылғы 11-21 мамыр аралығында аталған республикалық байқаудың өңірлік кезеңіне өтініштер қабылданып, 3 әдеп жөніндегі уәкіл құжат тапсырды. Байқауға Қызылорда облысы әкімі аппаратының, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының және Арал ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты – моральдық-этикалық құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.

Байқауға қатысуға өтінім берген әдеп жөніндегі уәкілдер қызметі жөнінде есеп беріп, «Менің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға қосқан үлесім» тақырыбы бойынша уәждемелік эссе жазды.

Құрамында мемлекеттік орган басшылары, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері бар өңірлік комиссия, уәкілдердің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын саралай келе, Арал ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл Бохаев Нұрмұхамет Омарұлын жеңімпаз болуға лайық деп тапты.

Н.Бохаев еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Қызылордажер» МКК заңгер-кеңесшісі болып бастаған. 2008-2010 жылдар аралығында Қызылорда қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің заңгер және бас маман қызметтерін атқарған. 2010-2013 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім бастығы, 2013-2014 жылдары Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары Арал ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2015 жылдың 6 қарашасынан бастап Арал ауданы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді. 2016 жылдан бастап Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілгелі бері уәкіл қызметі қоса жүктелген.

Ендігі кезекте өңірлік кезеңнің жеңімпазы байқаудың республикалық кезеңінде бағын сынайтын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: