HALYQLINE.KZ Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сыр спортшысы Рахат Бекболат алтын медаль иеленіп, Қазақ елінің абыройын асқақтатты.
Дүбірлі бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 102 келіде өнер көрсеткен Рахат Бекболат қоссайыс нəтижесінде 377 келіні (175+202) көтерді.
Айта кетейік, былтырғы жылы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогында ол жеңімпаз атанған болатын. Жарыстың соңғы күні Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта Қазақстан намысын қорғайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!