Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құныққан хакер

11.03.2020, 15:35 545

2010 жылдың көктемінде Қазақстанда тұңғыш рет ірі кәсіпорындар мен банктерден қомақты қаржы жымқыратын әккі ұры пайда болды. Есепшоттардағы ақшаны осылайша компьютердің көмегімен-ақ еселеп ұрлау құзырлы органдардың құжатына бұрын-соңды тіркелмеген. Демек, елімізде жалғанды жалпағынан басып жүрген жалғыз хакерді тұтқындау да тым қиынға соқпас…

Құмға сіңген миллиондар

Құмға сіңген миллиондар Бірақ, олай болмады. Әр қадамын аңдап басатын баукеспенің қулығына құрық бойламайды екен. Артына қалдырған айғақты бір ізі де жоқ. Үш жылдың ішінде оннан астам отандық кәсіпорыннан 300 миллион теңгеден астам қаржыны үйінде отырып-ақ үптеген. Оған қатысты алғашқы дәйек Алматыда тіркелді. Бұл ретте, еліміздегі екінші деңгейлі банктің біріне 8,5 миллион теңге қаржы аудару жөнінде өтініш жіберген жеке кәсіпорын тұтылған. Ақша аударған банк келесі күні хакерлік шабуылды байқап қалып, дереу әлгі кәсіпорынның есепшотын бұғаттап үлгерсе де, 3,7 миллион теңгеден айырылып қалады. Жедел іздестіру барысында, ол қаржының мегаполис банкоматтарының бірнешеуінен шешіп алынғаны ғана белгілі болды. Ал, кімнің алғаны жұмбақ күйінде қалды. Содан бір ай уақыт өткеннен кейін таныс жағдай екінші мәрте қайталанды. Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір кәсіпорын банктен 1 миллион теңге қаржы аудартып алмақ болады. Алайда, ол ақша сонау Қарағанды қаласындағы банкоматтар арқылы жымқырылған.

Еркеғали Бейсенов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: