Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектептерде арнайы күзет болады

17.05.2021, 16:15 439

HALYQLINE.KZ ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев Қазақстандағы мектептердің барлығында арнайы күзет болатынын мәлімдеді.

«Бүгінде білім беру ұйымдарының көбі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына енгізіліп отыр. Мамырдың басында «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Үкімет қаулысы қабылданып, жаңа талаптар бекітілді», – деді комитет басшысы.

Комитет төрағасының айтуынша, білім беру нысандары бақылау жүйесімен, ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдарымен, дабыл түймешегімен, рұқсатпен кіру жүйесімен және арнайы күзетпен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

Бүгінде 408 мектепте арнайы күзет бар, олардың барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, мыңнан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылса, 333 мектепте турникет орнатылған.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бүгінде 408 мектепте арнайы күзет бар, олардың барлығы ірі қалаларда орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: