Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылды көтеруге жаңа көзқарас қажет

05.03.2020, 12:08 608

«Біздің кім болуымыз не әкелгенімізге байланысты».

(Гиппократ)

Адамзат тамақ табу үшін егін, мал шаруашылығында еңбек етеді. Ал басқа тіршілік иелері тамақ үшін аспанда ұшады, суда жүзеді, жер бетінде жортады. Тәуел­сіздік алған соң жекешелендіріліп, «колхоз», «совхоз» ұжымын тараттық. Енді сол елді мекендердің еңсесін көтеру үшін уақыт пен қаржы қажет. Қазіргі саясат – шағын­ және орта бизнесті дамытып, өзін-өзі асырайтын орта тап өкілдерін көбейту. Іргелі ауыл болуға жер-суы, табиғаты, адам капиталы сұранып тұрған ауылдарда «азық-түлік белдеуін» жасауға назар салу керек. Ол жер қалаға жақын болуы тиіс.

Өздеріңізге белгілі, бүгінде «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы салынып, пайдалануға берілді. Күрежол – табыс табудың негізгі тетігі. Нақтырақ айтқанда, сол автожолдың бойында «азық-түлік белдеуін» қалыптастырып, орта және шағын кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге мүмкіндік мол. Оны жүзеге асыру үшін қайтпек керек?

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауыл халқының белсенділігін заман­ талабына, уақыт сұранысына сай көтерсе, алға жылжу болар еді. Елдің жайын­ айтқанда, сөзде мән, пікірде шындық болуы тиіс. Бұған жаңа көзқарас қажет.

Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 6500 ауыл бар. Онда 7 миллионға жуық халық тұрады. Ал  Қызылорда  облысында  264 елді мекенде 400 мыңға тарта халық бар.  БҰҰ азық-түлік бөлімінің ақпаратына сәйкес жер бетіндегі халық бір жылғы шартты тамақты 6 айда ішіп, келесі жылдың есебіндегі тамақты ішіп-жеп жатқан көрінеді. Ғалымдар  «ысырап өте көп» дейді. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, 1 тонна сиыр етін өндіру  үшін 7 мың, 1 тонна астық өндіру үшін 1 мың тонна су қажет екен.

Дамыған елдерде табыстың 15 пайызын азық-түлікке, ал біздің елде табыстың 50 пайызын тамаққа жұмсайды екен.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін ең алдымен ауылды түлету маңызды.­

Машрап БАЛПАНОВ,

зейнеткер-агроном.

Қызылорда қаласы,

Айнакөл ауылы

Б.Есжанов  (сурет)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: