HALYQLINE.KZ Дубай полициясы әлеуметтік желіде тараған видеороликке түскен бір топ қызды ұстады. Видеода бір топ жалаңаш қыз қаладағы биік ғимараттардың бірінде суретке түскен, – деп жазады Sky News.
Оқиға Дубайдағы Марина ауданында болған. Ролик араб шейхтерінің сынына ұшырады. Өйткені бұл елде көпшіліктің көзінше бұндай әрекеттер жасауға тыйым салынған. Алты айға дейін түрмеге қамап немесе 5 мың дирхам (580 мыңнан астам теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Фотосессияға қатысушылар ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және ол прокуратураға жолданды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!