Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскердегі көрісу күні

14.03.2021, 16:30 619

HALYQLINE.KZ  Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде наурыз мейрамы қарсаңында жеке құрам бір-бірін Көрісу күнімен құттықтады.

Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні – көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді. Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.

– Көрісу күнінің ең бастысы және маңыздысы: ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу. Достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін мереке – көктемгі күн мен түннің теңелуін ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруының жарқын бейнесін көрсетеді, – дейді әскери бөлім командиірінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Әбиев.

Қазақ әскерінің әскери қызметшілері – өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары.

Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: