Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вирустың жаңа штаммы вакцинаға дес бермеуі мүмкін

03.03.2021, 12:30 481

HALYQLINE.KZ

Батыс Африка мен Латын Америкасындағы елдер вакциналарды әділ таратудың халықаралық тетігі – «COVAX» бастамасы арқылы алғашқы «COVID-19» вакциналарын ала бастады. Алайда, вакцинацияның нағыз жаһандық науқанын бастау үшін дәрі-дәрмектерді жаппай шығарумен және басқа мәселелермен байланысты бірқатар қиындықтарды еңсеру керек.

 «COVAX» бастамасы осы аптада 11 миллион доза вакцина жеткізуге жоспарлаған. Мамырдың аяғында 142 елдің тұрғындары 237 миллион дозаны алады. Тұтастай алғанда, 190 елдің тұрғындарын екі миллиард дозамен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Ғалымдар рекордтық уақытта бірнеше тиімді вакциналар жасап шығарса да, өндірушілер олардың жаппай өндірісін ұйымдастыра білсе де, вирустың жаңа штаммы пандемиямен күресті қиындатады деп ескертеді ДДСҰ.

 – Қазір мерекелейтін уақыт емес; біз вакциналарды бүкіл әлем бойынша біркелкі таратуға және ақырында карантиндік шаралардың аяқталмайтын циклін тоқтатуға баса назар аударуымыз керек, – дейді «COVAX» серіктестік ұйымының бас директоры Ричард Хатчетт.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі, доктор Тедрос Гебресиестің айтуынша, вакцинация пандемияға қарсы күрестің күшті қаруы. Бірақ вакцинациямен бірге бұрыннан белгілі сақтық шараларын сақтау қажет. Яғни, маска кию, қол гигиенасы мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау, үй-жайларды желдету, т.с.с.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: