Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мобильді қосымшаның артықшылығы көп

24.02.2021, 11:45 470

HALYQLINE.KZ  МӘМС жүйесі бойынша жеңілдік санатқа жатқызылған азаматтар сақтандыру мәртебесін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ, осы қосымша арқылы емдеу мекемелеріне шағым түсіруге болады.

18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала күтіміндегі әйелдер, мүгедек баланы бағушы, Ұлы Отан соғысының ардагері; жұмыс істемейтін оралмандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегері, студент секілді 15 санатқа жататын адамдарға жарнаны мемлекет төлейді. Алайда олар өз мәртебесін нақтылау қажет. Егер, жеңілдік санатына жатқызылған азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған болып шықса, олар тиісті құжаттарды «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына жүктеу арқылы, сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. Аталмыш қосымша және Call-орталықтары арқылы жыл басынан 14 шағым түскен.

– Біздің басты мақсатымыздың бірі – тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына бақылау жүргізіп, олардың құқығын қорғау. Халық жаңа жүйені әлі толық меңгермегені байқалады. Мәселен, емделушінің құқығы бұзылса, қайда хабарласатынында білмейді. Сондықтан, арнайы қосымшалар іске қосылды. Онда келіп түскен өтінішті дер кезінде қарап, оң шешімін шығарамыз. Емделушілерге сала мамандарынан кеңес алуға да мүмкіндік қарастырдық, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Айта кетейік, МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: