Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқ: «10 миллион теңге алып беремін…»

23.02.2021, 15:00 697

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен өмір сүруге бейім адамдар, айла арқылы жеңіл ақша табуға құмар болып келеді. Сөйтіп олар, ұрлық және алаяқтық сияқты қылмыстарға барады. Соның бір көрінісі ретінде төмендегі оқиғаны мысалға алуға болады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша 2020 жылдың қазан айында белгісіз азаматша 10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін деп сеніміне кірген. Нәтижесінде, арызданушыға алаяқ «Актив центр» орталығынан несиеге «Айфон-11» маркалы ұялы телефонын алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.

Дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру қорытындысына сай қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталған.

Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: