Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құндыз тон сатамын деп…

22.02.2021, 14:30 1541

HALYQLINE.KZ   20 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1988 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны арызданды.

2020 жылдың қараша айында оны белгісіз адам «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы құндыз тон мен алтын бұйымдарды сатамын деген хабарламамен алдаған. Нәтижесінде 1 078 000 теңге көлемінде шығын келтірген.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 1996 жылы туған облыс орталығының тұрғыны күдікті азаматша ретінде ұсталды. Күдікті кінәсін толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: