Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіби спорт клубтарына бөлінетін қаражат көлемі бекітілді

18.02.2021, 15:30 595

Ел үкіметі кәсіби спорт клубтарын, оның ішінде футболды қаржыландырудың жүйесін ресми түрде бекітті. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын кәсіби спорт клубтарының бюджетін 800 млн теңгеге дейін азайту ұсынылған еді. Алайда ҚФФ араласуының арқасында ұсынылған шектеулер біршама жеңілдетілді.

Ресми хабарламаның мәтіні:

«Мәдениет және спорт министрлігі облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді

1) кәсіптік спорт клубтарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан бөлінетін қаражат:

– футбол және хоккей клубтарына 1,2 млрд.теңгеден аспайды;

– басқа спорт түрлеріне 450 миллион теңгеден аспайды.

2) ең жоғары жалақы мөлшерін белгілеу … айына 2 миллион теңгеден аспайды».

26 ақпанға дейін әкімдіктер бұқаралық спортты дамытуға бөлген қаражатты қайта қарауға міндетті. 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесіне жарлықтың орындалғаны туралы есеп берілуі керек.

Айта кететін жайт, Сыр өңірінің атынан шығып жүрген «Қайсар» футбол клубының биылғы бюджеті 1 млрд 663 млн теңге болып бекітілген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: