Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Енді арақты аз ішетін шығарсыз…»

21.02.2021, 14:00 417

HALYQLINE.KZ  Арақты көп ішетін әкесі баласына «балам енді арақтың бағасы қымбаттайтын болды» депті. Қуанып кеткен баласы әкесіне қарап: «жақсы болды ғой әке, енді арақты аз ішетін шығарсыз» десе. «Жоқ, балам, енді сен тамақты аз ішесің» деген екен.

Сол айтпақшы Еуропа бізге санкция салса екен, мұнайдың бағасы 10 доллар болса екен деп қуануға негіз жоқ. Біздің жемқорлар 77 ұрпағына жететін байлық жинап қойған. Шетелде бәрінің үй-жайы бар. Мұнай 10 доллар болса, 1 доллар 1000 теңге болатыны сөзсіз. Айналып келгенде таяқты жейтін сіз бен біз сияқты сіңірлер болады.

Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстанда мұнай жоқ бірақ халқы кедей. Керемет дамып кетпеді. Бізде де мұнай болмағанда біз осы күнімізден 40-50%-ға кедей тұрар ма едік…

Байқасаңыздар қазба байлығы көп елдердің ешқайсысы дамып кетпейді. Олардың ғылым білімнен мешеу болып, бензоколонка ел болғаны белгілі елдер үшін тиімді ма деймін. Қазір әлемде Master card немесе Visa card деген екі ақ карточка бар. Егер осылармен қатар халықаралық ақша байланысы бар Swift-тен Ресейді ажыратып тастаса, ашыққан орыстар екі-ақ күнде кез келген басшыларын қуып шығады. Бірақ Батыс ондай қадамға бармайды.

Сәбит РЫСБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: