Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жүргізуші жол ережесін 181 рет бұзған

15.02.2021, 11:15 743

HALYQLINE.KZ  11 ақпанда «Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлері бар жеңіл автокөлігін ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған.

Құқықбұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Арканмен» аталған автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы – 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында 3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл салынған.

Сондай-ақ, жүргізуші көлікті еш құжатсыз басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: