Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

01.02.2021, 9:45 411

HALYQLINE.KZ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

Онда халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген.

Құжатта коронавирусқа қарсы вакцина алдымен инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдарға салынатыны көрсетілген.

Сонымен қатар, осы санаттағы мамандардың тізімі берілді. Кезек бойынша екпе алатындар:

медицина қызметкерлері, ең алдымен, инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары;

педагогтер;

учаскелік полицейлер;

студенттер;

медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелеренің ұжымдары;

төтенше жағдайлар, қорғаныс пен ішкі істер министрліктері, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі;

ҚР Президентінің іс басқармасы, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, ұлттық құрама командаларының мүшелері;

созылмалы ауруы бар адамдар (қант диабеті, өкпенің обструктивті ауруы, жүрек-қан тамыр жүйесі).

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы вакцина міндетті әрі мәжбүрлі түрде болмайтынын мәлім етті. Ведомствоның сөзінше, елімізде вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: