Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

22.01.2021, 9:30 572

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды онлайн форматта қабылдады.

Өздерінің өзекті мәселелерін қозғап келген тұрғындар үй, жер және т.б. әлеуметтік мәселелерге байланысты сауалдарын көтерді.

Халық сұранысын қанағаттандыруға басымдық берген қала әкімі әр азаматқа жеке уақыт бөліп, әр мәселені мұқият тыңдады. Сонымен қатар, тұрғын тарапынан көтерілген кез келген сауалдың жедел шешілуін назарға алып, жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма беріп, мәселенің шешілуі мен тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Кездесудегі көп сұрауының бірі – баспана жайы. Бұл мәселеде қала әкімі әр азаматқа тұрғын үй кезек ретімен, заңдылыққа сәйкес табысталатындығын түсіндірді.

Айта кетейік, карантиндік талаптарға сәйкес әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүргізіліп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: