Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкер бюджетке 136 млн 264 мың теңге залал келтірді

21.01.2021, 16:30 440

HALYQLINE.KZ

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған департаменттінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бюджетке келтірілген залал көлемі – 136 млн 264 мың теңге. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар кезеңіне жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы 1-бөлігімен (декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару) тергеу ісі жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: