Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады

15.01.2021, 9:40 797

HALYQLINE.KZ

Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін үкімет өз міндеттерін атқаратын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы шықты деп хабарлайды Nur.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда өткен парламент мәжілісінің сайлауында дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан заңнамасына сәйкес, мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін айтқан болатын.

«Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барып, фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын», – деген еді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, қазіргі үкіметтің құрамында 18 министр бар. Олардың екеуі әйел адам – мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Министрлердің ең жасы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста).

Егде жастағы министр – ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста). Қазақстандық министрлердің орташа жасы – 49,7. Үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі 55 жаста.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: